Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 497 453
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
325 299 048 366
Келіп түскен өтініштер
28 994

Жаңалықтар

Ілияс Мұхамеджанов Медициналық сақтандыру қоры Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды


Бүгін "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов Басқарма Төрағасының жаңа орынбасары Ілияс Мұхамеджановты ұжымға таныстырды.

Осы тағайындау жалғыз акционермен – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілді.

Ілияс Мұхамеджанов Қазақ ұлттық медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіби қызметін 2004 жылы академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. 2008 жылы Жалпы урология бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2013 жылы Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының Басқарма Төрағасының ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі орынбасары лауазымында болды.

2019 жылдан бастап Ілияс Мұхамеджанов түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқарды, 2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасының жаңа орынбасары денсаулық сақтау магистрі болып табылады. 2011 жылы оған медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Ілияс Мұхамеджанов тарифті белгілеу, медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігінің мониторингі сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалармен жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін болады.