Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 500 327
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
325 299 048 366
Келіп түскен өтініштер
29 045

Жаңалықтар

ӘМСҚ басшысы Атырау облысына іссапармен барды

Іссапар барысында Болат Төкежанов Атырау облысының әкімі Махамбет Досмухамбетовпен кездесті. Кездесуде МӘМС жүйесін дамыту, медициналық нысандардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту, кадрлық әлеуетті дамыту, пациенттер құқығын қорғау бойынша сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында Болат Төкежанов Атырау облысы бойынша филиалының жаңа директорын Байтолла Ғазизовты таныстырды. Ол әр жылдарда Атырау облысы бойынша қоғамдық денсаулық қорғау департаменті басшысының орынбасары, денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес және алдын алу жөніндегі облыстық орталығы директоры, сонымен бірге 2017–2019 жылдар аралығында Қор филиалының басшысы қызметтерін атқарған.

Қор басшысы филиалдың экс-директоры Сәбит Құралбекке атқарған қызметі үшін алғыс айтып, жаңа басшыға жетістіктер тіледі.

Облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов пен жеке кездесуі барысында Қор басшысы медициналық жарна төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерін тіркеуге қатысты және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік кірістер департаментімен өзара жұмыс істеу және МӘМС жүйесіне шағын және орта бизнес субъектілерін тарту, Атырау облысы бойынша жүйеде сақтандырылған тұрғындар санын арттыру бойынша сұрақтарды талқылады.

Сонымен қатар, Болат Төкежанов Қор филиалы қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді. Күн тәртібінде Атырау облысындағы медициналық көмек көрсетудің түйінді мәселелері және оларды шешу туралы сұрақтар қарастырылды.

Жекелей алғанда, консультативтік-диагностикалық қызметтерді алудағы ұзақ күтулер мәселелері талқыланды. Бұл мәселені шешу жолдары ретінде денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық ұйымдар тарапынан амбулаторлық-поликлиникалық қызметтерді көрсету бойынша қосалқы орындаушылармен қосымша келісімшарттарды өз уақытында жасау, жекеменшік жеткізушілерді тарту, нақты шығындарды есепке ала отырып, аса қажет қызметтерге тарифті өсіруге назар аудару керектігі ұсынылды.

Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі қымбат тұратын химиятерапевтік дәрі-дәрмектерді сатып алуға деген жыл сайын өсіп отырған қажеттілік болып қала бермек. Себебі жаңа таргетті дәрі-дәрмектермен емдеу, сонымен бірге өкпе обырымен, меланомамен, колоректальды қатерлі ісікпен науқастарды анықтауға және жеке терапия көрсетуге молекулярлық-генетикалық зерттеулерді енгізу мүмкіндік береді. Бұның бәрі онкологиялық диспансерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кететін шығындардың шығыс бөлігінің ұлғаюына алып келді.

Түйінді мәселелерді талқылай келе жедел медициналық жәрдем қызметін қаржыландыру, жедел медициналық жәрдем қызметіндегі нақты шығындарды жабу үшін тарифті өсіру тақырыбы қайта көтерілді. Күн тәртібіндегі барлық келелі мәселелер Қордың басшылығының бақылауына алынды.

Кездесу соңында Басқарма төрағасы филиалдың жаңа директоры Байтолла Ғазизовқа бірқатар тапсырмалар берді:

«Филиалға медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеу үрдісін ерекше бақылауға алып, Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп өңірдегі медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттыру бойынша шараларды жандандырып, пациенттер құқығын қорғау бойынша жұмысқа ерекше назар аудару керек» - деп қорытындылады Басқарма төрағасы.

Содан кейін Болат Төкежанов Атырау облысына барған іссапары аясында қаладағы бірқатар медициналық нысандар жұмысымен танысты. Нақты тоқталсақ, ол 2020 жылдан бастап қордың қызмет берушісі болып табылатын «АВ medical» заманауи көпбейінді медицина орталығын және үш қосалқы станция мен түрлі аудандардағы 13 бөлімшесі бар Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясын аралады.