Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 522 127
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
26 067

Жаңалықтар

Медициналық сақтандыру жарнасы 14 млрд теңгеге жетті

2017 жылы 1 шілде мен 13 қазан аралығында жинақталған әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының көлемі 14 млрд теңгеден асты. Ал, қазан айының басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат түскен. 

Жинақталған соманың 11,3 млрд теңгесі немесе жалпы соманың 80 пайызға жуығы жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 2,8 млрд теңгесі (20 пайызға жуығы) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.