Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 441 547
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
303 173 376 915
Келіп түскен өтініштер
26 712

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 13 млрд теңгеге жетті

2017 жылы 6 қазандағы деректерге сүйенсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның Ұлттық банктегі шотына түскен қаржы көлемі 13,2 млрд теңгеге жуықтаған.

Жалпы түскен соманың шамамен 80 пайызы немесе 10,6 млрд теңгесі жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 2,6 млрд теңгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Сақтандыру аударымдары мен жарналарын төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.