Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 517 196
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
25 828

Жаңалықтар

2018 жылдың алғашқы айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 6 млрд теңгеге жуық түсті

2018 жылдың қаңтар айында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 6 млрд теңгеге жуық жарна аударылды.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен қаңтар айының соңына дейін түскен түсімдердің жалпы көлемі 38 млрд теңгені құрады.

Оның ішінде, 31,3 млрд теңге (82,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 6,7 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 17,6%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды облысы көш бастап келеді.