Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 450 559
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
304 662 440 431
Келіп түскен өтініштер
27 012

Жаңалықтар

Қыркүйек айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 5,7 млрд теңгеге жуық жарна түсті

Қыркүйек айында жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден түскен міндетті медициналық сақтандыру жарналарының жалпы көлемі 5,7 млрд теңгеге жуықтады.

МӘМС жүйесі іске қосылғанан бастап бүгінгі күнге дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 12,3 млрд теңге қаржы аударылды. Оның 9,8 млрд теңгесі (79% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған жарнасы болса, 2,4 млрд теңгесі (21% жуық) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.

Бұған дейін хабарланғандай, 2017 жылы 1 шілдеде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң күшіне енген болатын. Заң бойынша, жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар шілденің бірінен бастап міндетті сақтандыру жарнасын аударуы тиіс.

Осы нормаға сәйкес, жұмыс берушілер ай сайын қарамағындағы жұмыскер жалақысының 1 пайызы көлемінде аударым жасайды.  Бірақ аударылатын сома мөлшері 3669 теңгеден аспауы тиіс (15 ЕТЖ-ның (ең төменгі жалақы) 1%).

Жеке кәсіпкерлер мен осы топқа теңестірілген жеке меншік адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар 2017 жылы 2 ЕТЖ-ның 5 пайызы мөлшерінде немесе 2446 теңге жарна аударады. Ал, қарамағында жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер олар үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударады.

Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалардың ай сайынғы жарнасы табысының 5 пайызын құрайды. Бірақ ай сайын жарна есептелетін жалақы мөлшері 15 төменгі жалақыдан аспауы тиіс.