Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 522 127
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
25 831

Жаңалықтар

МСҚ-на түскен қаржы көлемі 9,6 млрд теңгеге жетті

2017 жылдың  1 шілдесі мен 21 қыркүйегі аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен аударымдар мен жарна көлемі 9,6 млрд теңгені құрды. Қыркүйек айының басынан бері Қордың Ұлттық банктегі шотына 3 млрд теңге түскен.

Оның 80 пайызы жұмыс берушілердің өз қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 20 пайызы жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі.

Жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.