Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 474 798
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
316 271 946 952
Келіп түскен өтініштер
28 224

Жаңалықтар

МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теңге төледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теңге төледі.   

«10 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 662,4 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 83 пайызын құрайды», - деді МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор жыл басында емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 802,4 млрд теңге.  

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1375 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 642-сі – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 171-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 128,1 млрд теңгені құрады.