Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 522 127
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
25 831

Жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

Айбатыр Жұмағұлов «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.          

«Айбатыр Нышанбайұлы қаржылық құрылымдарда мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Ұлттық экономика министрлігінде еліміз үшін маңызы бар жобаларға жетекшілік етті. Бұл тәжірибенің Медициналық сақтандыру қорында пайдаға асары даусыз. Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтерді стратегиялық сатып алушы статусына ие. Жұмыстың ашық, жүйелі түрде жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. МСҚ қаржылық институт ретінде қаншалықты тиімді жұмыс істесе, реформаның іске асырылуы да табысты болмақ. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейтін қызмет. Жаңа басшының бұл міндеттерді абыроймен атқаратынына сенімім мол», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

А.Жұмағұлов әр жылдары ҚР Индустрия және технологиялар министрлігінде, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-да еңбек етті. «Baur Kazakhstan» компаниялар тобының Директорлар кеңесінің мүшесі, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы болды. 2017 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.