Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 450 559
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
304 662 440 431
Келіп түскен өтініштер
26 822

Жаңалықтар

МСҚ-на түскен жарна сомасы 8 млрд теңгеден асып жығылды

2017 жылы 1 шілде мен 14 қыркүйек аралығында Қорға түскен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасының мөлшері 8,1 млрд теңгеден асты.

Қыркүйек айының басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы аударылған. 

Жалпы соманың 83% жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 17% жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардың жарналары. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, қаржының басым бөлігі Алматы және Астана қалаларына, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.