Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 497 453
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
325 299 048 366
Келіп түскен өтініштер
28 969

Жаңалықтар

МСҚ жыл басынан бері медицина ұйымдарына көрсетілген қызметтер үшін 868,3 млрд теңге төледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 868,3 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.     

«2019 жылдың 6 желтоқсандағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 868,3 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 91% проценті», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ермек Пірімбетов.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 948,6 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 16 пайызға артық.   

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Ермек Пірімбетов.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1412 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 728 жеке меншік клиника да бар, яғни ол 52 пайызды құрайды.   

Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.