Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 492 469
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
322 352 409 968
Келіп түскен өтініштер
28 863

Жаңалықтар

«Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

6 желтоқсанд күні Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жалпы тәжірибе дәрігерлері арасында "Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы" республикалық байқауының басталғанын жариялады. Байқаудың демеушісі "БанкЦентркредит" АҚ.

Дауыс беру 19 желтоқсан күні сағат 14.00-де жабылды. Барлығы 248 мың дауыс қабылданды.

Байқау ережелерінде көрсетілгендей, жеңімпаз дауыс саны бойынша емес, жиналған ұпай бойынша анықталады. Олар МӘМС бойынша сұрақтарға дұрыс жауаптар үшін және осы дәрігерге тіркелу бойынша келесі түрде есептеледі.

  • Егер дауыс беруші дауыс беретін дәрігерге бекітілмесе, дауыс беруге қатысушының әрбір дұрыс жауабы бір ұпайға тең болады.
  • Дауыс беруге қатысушының әрбір дұрыс жауабы үш ұпайға тең, егер дауыс беруші дауыс беретін дәрігерге тіркелген болса
  • Егер дауыс беруге қатысушы бірде-бір дұрыс жауап бермесе, онда оның дауысы интернет-дауыс беру сайтында ескерілетін болады, бірақ таңдалған дәрігерге ұпайлар ақтық санауда қосылмайды.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде халықтық дауыс беру арқылы 34 номинант келесі қағида бойынша анықталады:

  • әр облыста ең жоғары ұпай жинаған бір ауылдық дәрігер (Қазақстанның барлық облыстарынан барлығы 14 үміткер);
  • әр облыста ең көп ұпай жинаған бір қалалық дәрігер (Қазақстанның барлық облыстарынан барлығы 14 үміткер).
  • Республикалық маңызы бар әрбір қалада ең жоғары ұпай жинаған екі қалалық дәрігерлер (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 6 үміткер).

Дауыс беру қорытындысы бойынша аймақтар бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Нұр-Сұлтан:

1. Джумадилов Муратбек Нажимутдинович, "Sana Vita clinic" ЖШС

2. Садирбекова Нуршат Коишығариновна, №13 емхана

Алматы:

3. Ермаханов Наурызәлі Ғалымбекұлы, №17 емхана

4. Мергенбаева Айжан Энглисовна, №6 емхана

Шымкент:

5. Исабаева Жумагул Асанхановна, №9 қалалық емхана

6. Бұланбаева Салтанат Пердебаевна, №8 қалалық емхана

Ақмола обл., АУЫЛ:

7. Ракеть Галина Михайловна, Аршалы орталық аудандық ауруханасы

Ақмола обл., ҚАЛА:

8. Сағымбаева Мадина Төлегенқызы, қалалық емхана

Ақтөбе обл., АУЫЛ:

9. Жансугурова Фариза Рүстемқызы, Әйтеке би АА

Ақтөбе обл., ҚАЛА:

10.Сапарбекова Жанна Мырзабайқызы, Шалқар ОАА

Алматы обл., АУЫЛ:

11.Сеиткәрім Азамат Қайратұлы, Көксу АОА

Алматы обл., ҚАЛА:

12.Абдулакимова Рехангүл Абдулакимовна, Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы

Атырау обл., АУЫЛ:

13.Шарафеденова Шынар Кәкімқызы, Қызылқоға АОА

Атырау обл., ҚАЛА:

14.Мамбеткаримова Гүлбахар Абдикаримовна, Атырау қалалық №7 емханасы

Шығыс Қазақстан обл., АУЫЛ:

15.Зияданова Сабира Қажыбекқызы, Көкпекті ауданы №2 ОАА

Шығыс Қазақстан обл., ҚАЛА:

16.Айтхожина Сайран Малғаждарқызы, Семей қаласының №12 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы

Жамбыл обл., АУЫЛ:

17.Сайдазимов Бунедхан Сардарханұлы, Талас АОА

Жамбыл обл., ҚАЛА:

18.Икрам Мира Асылбекқызы, №6 қалалық емхана

БҚО, АУЫЛ:

19.Сапаров Ануар Айдарұлы, Қазтал АОА

БҚО, ҚАЛА:

20.Айтқалиева Меңдігүл Мергенқызы, №6 қалалық емхана

Қарағанды обл., АУЫЛ.:

21.Қазақбаева Азиза Абдумуминовна, Жаңаарқа ауданының ОАА

Қарағанды обл., ҚАЛА:

22.Балахметова Саягүл Жұмағалиқызы, Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы

Қостанай обл., АУЫЛ:

23.Бимағанбетова Нұржамал Баяхметқызы, Жангелді АОА

Қостанай обл., ҚАЛА:

24.Байбулина Жамал Сматовна, Арқалық АА

Қызылорда обл., АУЫЛ:

25.Қорғанбаева Фариза Ерболатқызы, Қармақшы ОАА

Қызылорда обл., ҚАЛА:

26.Қартабаева Әлия Жұмағұлқызы, Қазалы ауданаралық ауруханасы

Маңғыстау обл., АУЫЛ:

27.Нұрмағанбетова Бағила Дүйсенқызы, Бейнеу АОА

Маңғыстау обл., ҚАЛА:

28.Дарибаева Гүлнар Азирхановна, "Байболат» коммуналдық шаруашылығы

Павлодар обл., АУЫЛ:

29.Рахимжанова Гүлмира Ақанғалиқызы, Ақтоғай АОА

Павлодар обл., ҚАЛА:

30.Хабылгазы Халел, Павлодар ауданының емханасы

СҚО, АУЫЛ:

31.Суюндикова Еркегуль Габиденқызы, Жамбыл ОАА

СҚО, ҚАЛА:

32.Абжанова Ажар Ринатовна, №3 қалалық емхана

Түркістан обл., АУЫЛ:

33.Дуйсенбекова Айнур Бейсенбекқызы, Отырар ОАА

Түркістан обл., ҚАЛА:

34.Даханова Алия Бердалиевна, Түркістан қалалық емханасы

Қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, кейбір дәрігерлер бойынша астыртын дауыс беру фактілері анықталды. Ұзақ және мұқият тексерілгеннен кейін расталмаған ұпайларды есепке алмау туралы шешім қабылданды.

Екінші кезеңде қазылар алқасы 34 номинанттың ішінен анықтайды:

  • "Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы" номинациясындағы Гран-при, Байқау Демеушісінен 5 млн теңге жүлде қорымен.
  • Қалалық емханалар / Отбасылық денсаулық орталықтары арасындағы "Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы" номинациясының бір жеңімпазы, Байқаудың Демеушісінен 3 млн теңге жүлде қорымен.
  • Ауылдық емханалар / Отбасылық денсаулық орталықтары арасындағы "Ең үздік отбасылық дәрігер мен оның командасы" номинациясының бір жеңімпазы, Байқаудың Демеушісінен 3 млн теңге жүлде қорымен.
  • "Әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша Үздік емхана / Отбасылық денсаулық орталығы" номинациясында жеңімпаз. Конкурсқа қатысқан бекітілген халықтың барынша қамтылуы және сұрақтарға дұрыс жауаптар саны ескеріледі.

Жеңімпаздар 24 желтоқсан күні сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, "Қазмедиа орталығында" өтетін "МӘМС:Қазақстандық медицинаның трансформациясы"форумында марапатталады.