Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 492 469
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
322 352 409 968
Келіп түскен өтініштер
28 787

Жаңалықтар

МСҚ-на 2019 жылдың желтоқсан айында 12,6 млрд теңге жарна түсті

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 2019 жылдың 1-31 желтоқсан аралығында 12,6 млрд теңге түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 желтоқсан аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 246,9 млрд теңгені құрады.

Оның 237,7 млрд теңгесі (96,3%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 9,2 млрд теңге (3,7% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.