Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 492 469
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
322 352 409 968
Келіп түскен өтініштер
28 777

Жаңалықтар

Қор мамандары акушерлік-гинекологиялық қызметтің тарифтерін талқылады

Бүгін, 23 қаңтарда Нұр-Сұлтанда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың төрағалығымен Қордың міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыруды бақылау жөніндегі Сараптамалық кеңесінің репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Оған еліміздің әр аймақтарынан босану қызметінің басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында акушерлік қызметті қаржыландыруға қатысты бірқатар мәселелер, соның ішінде тарифтерді қалыптастыру және акушер-гинекологтардың басқа проблемалары талқыланды. Отырысқа қатысушылардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тарифтерді белгілеу және медициналық қызметтерге ақы төлеу тетіктерін жетілдіру қажеттілігі туралы ұсыныстары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қордың құрылымдық бөлімдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Дәрігерлер Айбатыр Жұмағұловқа олардың өтініштері тыңдалып, сауатты мамандардың шақыруымен осындай жемісті кездесу ұйымдастырылғаны үшін алғыс білдірді.

Сараптамалық кеңестің отырыстары әрдайым денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін талқылау үшін тұрақты түрде өткізілетінін атап өткен жөн.