Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 492 469
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
322 352 409 968
Келіп түскен өтініштер
28 782

Жаңалықтар

"20-шы оператор тыңдап тұр": МСҚ басшысы 1406 байланыс орталығында халықтың сұрақтарына жауап берді

МСҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов 1406 байланыс орталығына тұрғындардың қоңырауларын жеке қабылдады.

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов 1406 байланыс орталығында халықтың сұрақтарына жауап берді.

«Бүгінгі іс-шараның мақсаты - Қордың негізгі міндеттерінің бірі - пациенттердің құқықтарын қалай қорғауға болатындығын көру. Тұрғындар медициналық ұйымдарға қаралған кезде қандай қиындықтарға тап болатынын анықтау маңызды. Байланыс орталығына келіп түскен әрбір өтінім мұқият тексеріліп, талдау жасалады», - деді қор басшысы.

Азаматтардан келіп түскен қоңыраулардың дені МӘМС үшін аударымдар мен жарна төлеу, сақтандырылушылық мәртебесін анықтау, қымбат тұратын медициналық қызметтердің алу мәселелеріне қатысты. Сонымен қатар жеке жағдайларға байланысты өтініштер де болды. Мұндай жағдайларда оператор пациенттің деректерін алып,  өтінім бойынша ақпаратты тиісті мамандарға береді.

«Біз тіпті адамдардың сақтандыру тақырыбына белсенділік танытқандарына қуаныштымыз. Төлем жүйесі мен  қызмет көрсету туралы , атап айтқанда клиникалық диагностикалық көмек туралы сұрақтар жиі қойылады. Көптеген азаматтар бірден зертханаға немесе диагностикалық орталыққа барып, тегін қызмет алғысы келеді. Дәрігердің жолдамасы болмағандықтан олар осы қызмет түрлерін ала алмағандарына шағымданады. Алайда, ең алдымен, азаматтар дәрігеріне хабарласуы керек. Мысалы, томография белгілі бір дәрежеде сәулеленуге әкеліп соғады және оны жайдан-жай жасай беруге болмас. Сондықтан дәрігер пациентке МРТ-ны нұсқаулықтар болған жағдайда ғана  тағайындайды. Сондықтан алдымен дәрігерге барып, оның белгілері туралы айту керек», - деп түсіндірді Қор жетекшісі.

Қор халықпен кері байланыстың болуына ерекше көңіл бөледі, және бұл мәселеде 1406 байлыныс орталығы маңызды рөл атқарады. Өткен жылдың қыркүйек айынан жұмысын бастаған байланыс орталығы 2020 жылдан бастап 24/7/365 жұмыс істеу режиміне көшірілді.

Ағымдағы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін байланыс орталығына 24 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 23 мыңнан астамына (96,6%) жауап берілді, қалғандары өңделуде. Бір тәулік ішінде операторлар 1000-ға жуық қоңырауды өңдейді.

Орталықтың тиімді жұмыс істеуі үшін түскен өтінімді өңдеудің жаңа, үш деңгейлі моделіне көшкенін атап өткен жөн. 1-ші консультациялық деңгейде өтініштердің шамамен 85% жабылады. 2-деңгейде азаматтардан келіп түскен өтінімдердің себептері мен олардың қайталануын сараптау және медициналық ұйымдардың жауаптарының сапасы мен жүйелілігін тексеру. 3-деңгейде Қор филиалдары мен медициналық ұйымдар деңгейінде себептерді жоя отырып, шағымдарды тексеру.