Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 500 628
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
329 410 723 963
Келіп түскен өтініштер
29 513

Жаңалықтар

Ақтауда МӘМС енгізу бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті

Ақтауда ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті.

Кездесу барысында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың сақтандыру мәртебесін жаңарту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және МӘМС-ке аударымдардың уақтылы болуына байланысты мәселелер талқыланды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы директоры Руслан Бектубаев өзінің баяндамасында атап өткендей, азаматтар өз денсаулығы үшін жауапты және өз мүдделері үшін сақтандырылуы керек.

МӘМС денсаулық сақтауды ресурстармен қамтамасыз етілуін едәуір ұлғайтуға, медициналық мекемелер мен қызметкерлердің экономикалық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Спикер үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап облыста дәрігерлердің жалақылары 30 пайызға, орта медициналық қызметкерлердің - 20 пайызға көтерілгенін айтты.

Отырыстың қорытындылары бойынша вице-министр 1 сәуірге дейін сақтандыру мәртебесі жоқ барлық адамдарды МӘМС жүйесімен қамтуды тапсырды.

Сондай-ақ, аймаққа жұмыс сапары барысында Олжас Әбішев Маңғыстау облыстық ауруханасында, облыстық стоматологиялық клиникасында, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында, «Сенім» емханасында болып, олардың МӘМС жүйесіндегі жұмысымен танысты.

«Егер медициналық мекеме әлеуметтік, медициналық және экономикалық тиімділікке қол жеткізудегі мақсаттар мен мүдделердің тепе-теңдігін сақтаса, онда нәтижелер тек қана қуантады», - деді вице-министр.