Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 497 453
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
325 299 048 366
Келіп түскен өтініштер
28 998

Жаңалықтар

Жеке клиникалар МӘМС қатысуға қызығушылық білдіреді

Оралда «Атамекен» ҰКП өкілдерінің жеке кәсіпкерлермен, өңірдегі бірқатар жеке медициналық ұйымдардың басшыларымен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалдарының қатысуымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қормен ынтымақтастықты ортану мәселелері талқыланды. Оның өкілдері ӘМСҚ қызметтері жеткізуші болғысы келетін медициналық ұйымдарға қойылатын өлшемшарттар туралы айтып берді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін жеке медициналық ұйымдардың денсаулық сақтаудың жаңа жүйесіне қызығушылығы арта түскенін атап өткен жөн.

Бұл өз кезегінде медициналық ұйымдар арасында бәсекелестіктің пайда болуына және медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда МӘМС аясында барлық лицензияланған медициналық ұйымдар, меншік түріне қарамастан, қызметтер ұсына алады.

Облыста 2020 жылға 10 жеке медициналық ұйым медициналық қызмет көрсетуге өтініш берді - бұл медициналық ұйымдардың жалпы санының 21,7% құрайды. 2015 жылы тек 3 жеке медициналық ұйым мемлекеттік тапсырыс бойынша қызметтерін көрсеткен.