Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 458 506
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
306 317 700 380
Келіп түскен өтініштер
27 106

Жаңалықтар

МӘМС жүйесінде Павлодар облысы тұрғындарының 95% сақтандырылған

Бұл туралы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің алғашқы айларының қорытындылары туралы ӘМСҚ аймақтық филиалында өткен брифингте хабарланды.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылдың ақпанына дейін Павлодар облысында МӘМС бойынша аударымдар мен жарналардың жалпы сомасы 12,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде ағымдағы жылдың 2 айында - 2,1 млрд теңге.

Облыс халқының жартысынан көбі (381 мың адам) мемлекет қаражаты есебінен МӘМС қызметін алатын азаматтардың 15 жеңілдік санаттарына кіреді.

ӘМСҚ филиалы 2020 жылы 57 қызмет жеткізушімен келісім-шарттар жасасты, олардың 31-і мемлекеттік, 26-ы жеке меншік.

Сонымен бірге, 2020 жылы белгілі бір қызмет түрлері бойынша жаңа жеткізушілер пайда болды: оңалту және қалпына келтіру емдеу, стационарлық және паллиативтік көмек.