Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 458 506
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
306 317 700 380
Келіп түскен өтініштер
27 055

Жаңалықтар

Қарағандылық жеке клиникалары ӘМСҚ-мен ынтымақтастыққа қызығушылық танытады

2020 жылы Қарағанды облысындағы 98 медициналық ұйым ӘМСҚ жеткізушілері болды, олардың жартысы жеке меншік. Ал облыстағы 10-нан астам медициналық ұйым әзірге МӘМС бойынша қызметтерін ұсынбай отыр. Дәл солармен «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалының өкілдерімен бірге ӘМСҚ облыстық филиалы басшылығының кездесуі өтті.

Қызметтер жеткізушілердің МӘМС жүйесіне қатысуына, медициналық қызметтердің тарифтеріне және денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің жұмысына байланысты мәселелері талқыланды.

ӘМСҚ Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаевтың айтуынша, Қормен ынтымақтастық медициналық ұйымдарға пациенттерді тартуға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткен қызметтер үшін Қор төлейтін қосымша қаражат. Нәтижесінде - бұл жаңа қажетті құрал-жабдықтарды алу, қажет мамандарды тарту, оларды оқыту.

Ол сонымен бірге жаңа жеткізушілердің пайда болуы медициналық көмектің қол жетімділігін арттыратынын, пациенттер үшін медициналық ұйымды таңдау мүмкіндігін және олардың арасындағы бәсекелестікті қамтамасыз ететінін атап өтті.

Нәтижесінде бұл медициналық қызметтерінің сапасына оң әсер етуі керек.

Кездесу аяғында кейбір жеке клиникалар Қормен жұмыс жасауға қызығушылық білдірді.