Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 517 196
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
25 808

Жаңалықтар

Болат Жәмішев ӘМСҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды

Болат Бидахметұлы жаңа қызметте 200 мың теңгеден көп алмайтын болады

17 сәуірде өткен Директорлар кеңесінің отырысында белгілі экономист Болат Жәмішев оның төрағасы болып сайланды. Бұған дейін бұл лауазымды Елжан Біртанов атқарған. Денсаулық сақтау министрі Қордың директорлар кеңесінің құрамында қалады.

Болат Жәмішев өткен жылдары ҚР Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, ҚР Қаржы министрі, ҚР Өңірлік даму министрі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, ӘМСҚ Директорлар кеңесінің құрамында басқа да өзгерістер болды. Экономист Жақсыбек Қүлекеев пен «Атамекен» ҚР ҰҚП Басқарма төрағасының орынбасары, қаржыгер Юлия Якупбаева Қордың тәуелсіз директорлары болып сайланды.

Осылайша, қазіргі уақытта ӘМСҚ Директорлар кеңесінің құрамына: оның басқарма төрағасы Болат Жәмішев, тәуелсіз директорлар - Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсылық Құлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бәбенов, сондай-ақ кеңес мүшелері - Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов кіреді.

Сонымен қатар Қорда Болат Жәмішевтің Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде алатын сыйақысының мөлшері туралы айтып өтті.

Баспасөз қызметінің хабарламасында Болат Бидахметұлына айына 200 мың теңгеден аспайтын сома төленеді деген. Сома уәкілетті орган ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің келісуімен белгіленген. Сонымен қатар, бұл сомадан табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, МӘМС-ке жарналар бойынша тиісті ұстаулар жасалады.