Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 441 547
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
303 173 376 915
Келіп түскен өтініштер
26 695

Жаңалықтар

Әлеуметтік сақтандыру қоры миллиардтаған ғимаратты жалға алу шығындарын жоққа шығарды

Бірінші жарты жылдықта орталық аппарат үшін кеңселерді жалға алу төлемі жасалған шарттарға сәйкес 129,6 млн теңгені құрады.

«Ғимаратты жалға алуға жұмсалған миллиардтаған қаржы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қор орналасқан ғимарат оны жалға алу үшін 5 миллиард теңге ақшаны төлеу де қажет емес. Бұл сандырақ. Ашық дереккөздерден ақпарат алатын адамдар не құжаттарды оқуды білмейді, не математикамен, сандармен жұмыс жасауда қиындық көреді. Нәтижесінде жалған ақпарат қоғамда бұрыс пікір тудырады», – дейді ӘМСҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ермек Болтаев.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, 2020 жылдың бірінші тоқсанында орталық кеңсе үшін жалпы ауданы 3,3 мың шаршы метрден 68 миллион теңгеге келісім жасалды. 1 шаршы метрдің құны келісім-шарт бойынша 6 848 теңге сомасында, оның ішінде жиһаз жалдамалы жұмысшылар үшін жалға беріледі.

2020 жылдың екінші тоқсанында жалдау ақысы шамамен 6,5 миллион теңгеге қысқарды. Осылайша, жалпы шаршы метрдің құны 6200 теңгені құраған кезде 61,6 миллион теңгеге келісім-шарт жасалды.

Сонымен қатар, Қор бірінші менеджердің жиһаз жиынтығын жалдағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Мұндай қызметтерге ақы төлеу жүргізілген жоқ. Бұл ақпарат жалған болып табылады.

Қорда айтылғандай, орталық аппарат пен филиалдарды орналастыруға арналған алаң нормалары Үкіметтің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына сәйкес қабылданды.

Бүгінгі таңда қорда 900-ге жуық адам жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 17 филиал бар.