Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 441 547
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
303 173 376 915
Келіп түскен өтініштер
26 768

Жаңалықтар

ӘМСҚ көрсетілген кеңестік-диагностикалық қызметтерді 105%-ға көп қаржыландырды

Қазақстандықтар КДҚ-ны 44%-ға көп алды

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында медициналық ұйымдарда 60 млн-нан астам консультативті-диагностикалық қызмет көрсетілді (КДҚ), 2019 жылдың 3 айында - шамамен 40 млн. Көрсеткіштің өсуі 44%-ды құрады. Ұсынылған қызметтер үшін ӘМСҚ медициналық ұйымдарға 59 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді. Қаржыландыру 105%-ға артты. 

Қорда консультациялық-диагностикалық көмекке диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізу қызметтері, емханаларда қабылдаулар, КТ/МРТ және т. б. кіреді деп түсіндірді.

Қызметтер бөлінісінде емханалардағы қабылдаулар 18,3 млрд теңгеге, зертханалық зерттеулер – 18,1 млрд теңгеге, КТ/МРТ – 8,4 млрд теңгеге, диагностикалық зерттеулер – 3,4 млрд теңгеге қаржыландырылды.           

«Көрсеткіштердің өсуі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2020 жылы бірқатар медициналық қызметтердің, оның ішінде консультациялық-диагностикалық қызметтердің, қаржыландыруы ұлғайтылғандығына байланысты», - деп ӘМСҚ баспасөз қызметі атап өтті.