Настройки
Настройки
Обычная версия
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Main menu

Баспасөз хабарламаларыВидеоблогСұқбат алу үшінЖаңалықтарға жазылу

Азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқаны басталады

11 September 2017

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2017 жылы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін  азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек (әрі қарай – БМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқаны басталатынын хабарлайды. Кампания ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестріне №11268 тіркелген) және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №15604 тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

Тіркеу кампаниясы тек ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорына тіркелген медицина ұйымдары арасында ғана өткізіледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры 2017 жылдың 14 қыркүйегінде уәкілетті органның (www.mz.gov.kz), облыстар, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет-ресурстарына орналастырылады.   

Азаматтар тіркелу үшін БМСК ұйымдарына тікелей хабарласып, жазбаша өтініш білдіреді немесе жеке куәліктің көмегімен «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы тіркеле алады.

Он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды тіркеу үшін тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке куәлігі талап етіледі.