Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 517 196
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
25 812

Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосу

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру сатып алу веб-порталында медициналық ұйымдар берген өтінімдер негізінде тұрақты жүзеге асырылады – fms.ecc.kz.

Өтінімге мынадай құжаттар бірге беріледі:

1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін-жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) «Е-Лицензиялау» МДҚ интеграциясы арқылы тіркелетін құжаттар:

  • денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы орналасқан жерде медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) тиісті медициналық қызметтер көрсету құқығын растайтын қосымшалардың болуы;
  • денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы (базалары) орналасқан жері бойынша дәрілік препараттарды дайындауға және (немесе) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге құқығын растайтын фармацевтикалық қызметке лицензияның және оған қосымшалардың болуы;
  • денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының (базаларының) орналасқан жері бойынша иондаушы сәуле шығаратын аспаптар мен қондырғыларды пайдалану құқығын растайтын иондаушы сәуле шығаратын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеуге лицензияның және оған қосымшалардың болуы;
  • денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасы (базалары) орналасқан жері бойынша денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензияның және оған қосымшалардың болуы.

3) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткердің (үміткерлердің) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасына (базаларына) рұқсат беру құжатының (құжаттарының) көшірмесі (көшірмелері);

4) басшының сенім білдірілген адамы өтінімге қол қойған және (немесе) ұсынған кезде сенімхаттың көшірмесі;

5) «Ресурстарды басқару жүйесі» АЖ, «Медициналық техниканы басқару жүйесі» АЖ (барлық денсаулық сақтау субъектілері), «Бекітілген халық тіркелімі» порталында (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері) деректерді енгізу және оларды өзектілендіру туралы келісімі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықпен сатып алу веб-порталының басты бетіндегі «Анықтама» бөлімінде, бұдан әрі – «Медициналық қызметтерді сатып алу», «Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорымен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық» бөлімінде танысуға болады.

Портал пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету 24/7 (демалыссыз): 8 (7172) 73-55-20, sk-pharmacy@ecc.kz