Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 458 506
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
306 317 700 380
Келіп түскен өтініштер
27 237

Жаңалықтар

Қор медициналық қоғамдастықпен және бизнес өкілдерімен тұрақты диалогта

Басты міндет – қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету үшін қажетті қаржыландыруды тоқтатпау.

Кездесуде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен өңірлік филиалдардың басшылығы, медициналық қызметтерді жеткізушілер, медициналық және бизнес қауымдастықтардың өкілдері үздіксіз қаржыландыру және төлемнің ақпараттық жүйелерін жаңарту мәселелерін талқылады.

Айта кетерлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының медициналық ақпараттық жүйелерді жаңарту уақытына медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін халыққа медициналық көмек көрсетуге медициналық ұйымдарға алдын ала төлем жасау мөлшерін шарттардың жылдық көлемінен 30%-дан 70%-ға дейін, ал жаңа жеткізушілер үшін – 30%-ға дейін арттыру туралы бұрын-соңды болмаған шешім қабылданды. Бұрын оларға алдын ала төлем берілмейтін еді.

Қор және өңірлік филиалдар өз тарапынан жеткізушілер мен бірлесіп орындаушыларды жүйелерді жаңартуға және төлем мерзімдеріне байланысты ағымдағы жағдай туралы уақтылы хабардар етеді.

Өз кезегінде басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов пен басқарма төрағасы орынбасарларының қатысуымен медициналық ұйымдардың өкілдері – «Салауатты Астана» клиникалар желісі, неврология, эпилептология және оңалту орталығы, Қазақстандық медициналық зертханалар қауымдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өтті. Тараптар ағымдағы процестер медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына әсер етпей, барлық сұрақтарды бірлесіп шешілуі тиіс деген ұйғарымға келді.

1.jpeg

«Қор алдын ала төлемді белгіленген 30%-дан 70%-ға дейін алғаш рет көтерді. Қазір бастысы – азаматтарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету, қаржыландыру сұрақтары оның сапасы мен қолжетімділігіне әсер етпеуі керек. Қор ашық диалогты қолдайды әрі медициналық ұйымдардың қызығушылығы біз үшін маңызды. Сол себепті қазір медициналық көмек жеткізушілерімен кездесуде ағымдағы процестер туралы айтып, мәселелерді зерттейміз, медициналық қоғамдастықтың идеялары мен ұсыныстарын жұмыс барысында қолданамыз. Мен филиал басшыларына барлық медициналық ұйымдарға қаржыландыру сұрақтары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру үшін тиісті тапсырмалар бердім», - деп атап өтті Қор басшысы.

Бұндай диалог алаңдары еліміздің өзге аймақтарында да өтті. Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының алаңында елордалық филиал медициналық және бизнес-қоғамдастықпен МСАК ұйымдарының бірлескен орындаушылар алдындағы берешегін өтеу барысын талқылады.

2.jpeg

«Бұндай кездесулер өзекті сұрақтарды бірлесіп талқылау және МӘМС жүйесінде қабылданған нормативтік актілер туралы ақпараттандыру үшін қажет. Біз бір бірімізді тыңдап, ұсыныстарымызбен бөлістік», - деді Қордың елордалық филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов.

3.jpeg

Бұдан бөлек, Қор, елордалық МСАК және ірі зертханалар өкілдерінің үшжақты кездесуі барысында қазақстандықтардың қажетті талдауларды уақытылы тапсыру кезіндегі қолжетімділігін талқылады.

4.jpeg

Алматы қаласы бойынша Қор филиалында емханалардың басшыларымен және бірлесіп орындаушы клиникалардың өкілдерімен кездесті. Олар өз кезегінде МСАК ұйымдарына диагностикалық блоктан жүктеменің бір бөлігін алып тастауға көмектеседі. Алайда олар үшін бұл қызметтерді қаржылай қамтамасыз ету жағы маңызды.

 Филиал директоры Тілеухан Әбілдаев қосымша алдын ала төлем медицина қызметкерлерінің жалақы шығындарын, салықтарға және бірлесіп орындаушылар алдындағы берешекті жабуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

5.jpg

Шымкентте жеткізушілермен кездесу «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшылығының қатысуымен өтті. Талқыланған сұрақтардың ішінде емханалармен шарт бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін бірлескен орындаушылар алдындағы міндеттемелерді орындау болды.

Қор филиалының директоры Сәбит Құралбек МӘМС жүйесінің талаптары қарапайым екенін атап өтті – әр азамат қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі керек, ол үшін жеткізушілерге алдын ала төлем мөлшері ұлғайтылды. Қосымша сомаларды медицина қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға, пациенттерді тамақпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ бірлесіп орындау шарттары бойынша есеп айырысуға жіберу ұсынылды.

 Қор ары қарай да медициналық жекізушілердің, пациенттердің мүдделерін үшін медициналық қоғамдастықпен ашық диалог жүргізетін болады.