Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 450 559
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
304 662 440 431
Келіп түскен өтініштер
27 012

Жаңалықтар

Ұзақ мерзімді демалыс кезінде МӘМС-ті қалай төлеуге болады: заңға өзгерістер күшіне енді

2024 жылғы 21 сәуірден бастап қызметкерлердің ұзақ мерзімді демалысқа шығуы кезінде жарналар мен аударымдарды төлеуге қатысты түзетулер заңды күшіне енді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС үшін төлемді қалай төлеу және мәртебені жоғалтып алмау керегін түсіндіріп берді.

Қызметкерлердің ұзақ мерзімді демалысқа (30 күннен артық) шығуы кезінде сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін МӘМС-ке аударымдар және (немесе) жарналарды есептеу (ұстау) және аудару қағидасына аталған кезең үшін аударымдардың тетігін егжей-тегжейлі көрсететін өзгерістер енгізілді.

Қорда атап көрсеткендей, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін бір немесе бір күнтізбелік айдан асатын ақылы еңбек демалысы кезеңіне кірісті есептеу кезінде аударымдар мен жарналарды демалыс күндерінің санына тепе-тең есептелген кезеңдер бойынша бөле отырып, бір төлеммен жүргізу қажет.

Мысалы. Мұғалімнің еңбек демалысы 25.06.24 ж.бастап 18.08.24 ж. дейін (56 күнтізбелік күн) кезеңге келеді. Бұл жағдайда МӘМС-ке төлемдерді аудару маусым айында (демалыс төлемдерін төлеу кезінде) маусым, шілде, тамызға бөлінген үш жол бойынша бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылуға тиіс. Әр ай үшін сома тиісті демалыс күндеріне сәйкес, маусымда 7 күнге, шілдеде 31 күнге және тамызда 18 күнге есептеледі.

Еске сала кетейік, былтыр 200 мыңнан астам қызметкер МӘМС жүйесінде мәртебесінен айырылып қалған болатын. Оның себебі ұзақ демалыста болып, олардың жарналары мен аударымдары демалысақысы төленген ай үшін бірыңғай төлеммен жүргізілген. Яғни, төленбеген күнтізбелік ай пайда болды (демалыс бір айдан астам уақытты қамтыды), ал жүйе кезеңдерді өткізіп алмай төлеуді талап етеді. Бұған дейін, індет кезінде, қызметкер өткізіп алған екі төлеммен мәртебесін сақтап қалған еді, бірақ аталған ереже 2023 жылдың қазан айында күшін жойды. Ол кезде аталған тұлғалардың мәртебесі реттеліп, қалпына келтірілген болатын.

Алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін 4 сәуірде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы және Аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары» бұйрығына өзгерістер бекітілді, олар 2024 жылдың 21 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді.


Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

• fms.kz ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

• 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.