Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 522 127
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
293 669 807 920
Келіп түскен өтініштер
26 064

Жаңалықтар

Қор Қазақстанның медициналық ұйымдарына қосымша аванс төлеп жатыр

Авансты төлеу Ережесінің жаңа тармағына сәйкес медициналық қызмет көрсететін ұйымдардың екі категориясы кіреді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылығының ақпараттық жүйелердегі жаңартуларына байланысты медициналық қызмет көрсететін ұйымдарды қосымша аванстау бойынша шешім қабылданды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі №291 бұйрығымен Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына Қор мен медициналық қызмет көрсететін ұйымға байланысты емес жағдайлар кезінде медициналық ұйымдарды аванстау бойынша норма қосылды.

Авансты төлеу Ережесінің жаңа тармағына сәйкес медициналық қызмет көрсететін ұйымдардың екі категориясы кіреді:

1) Бұрын Қормен қызметтерді сатып алу шарты сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде шарт жасасқан медициналық ұйымдар үшін кейіннен оны ұстап қалу кестесіне сәйкес аванстық (алдын ала) төлем төленген соманы ұстап қалумен;

2) Бұрын Қормен қызметтерді сатып алу шарты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерде шарт жасасқан медициналық ұйымдар үшін кейіннен оны ұстап қалу кестесіне сәйкес аванстық (алдын ала) төлем төленген соманы ұстап қалумен.

2024 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша 1960 медициналық ұйыммен шарт жасалды және 1668 медициналық мекемеге аванс берілді. 292 қызмет көрсететін ұйым объективті себептермен аванс алған жоқ.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша Бұйрықтың жаңа нормасына сәйкес 137 медициналық ұйым бойынша аванстар төленді және бұрын аванс алмаған 53 Денсаулық сақтау субъектісіне аванстар төлеуді жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 102 медициналық ұйым өз еркімен аванстан бас тартты.

Аванстық төлемдер кезең-кезеңмен және медициналық қызметтердің басымдығы бойынша жүргізілетін болады.