Настройки
Настройки
Обычная версия
Фонд медицинского страхования

Главное меню

Пресс-релизыВидеоблогФотогалереяЗапишись на интервьюПодписка на новости

Стационарларда емделген жоспарлы пациенттердің саны 80%-ға өсті

04 июня 2020

Жоспарлы емдеуге жатқызуды қаржыландыру көлемі 74,4 млрд теңгеге дейін өсті

2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық қызметтерді тұтынудың өсуі байқалады. Жоспарланған пациенттер санының 80% -ға - 396 мыңға дейін (2019 жылдың бірінші тоқсанында 220,7 мың пациент) ұлғаюы маңызды оң үрдіс болып табылады, деп хабарлайды "ӘМСҚ" КЕАҚ баспасөз қызметі.

Тиісінше, жоспарлы ауруханаға жатқызуды қаржыландыру көлемі де өсті - 2020 жылдың 1 тоқсанында 74,4 млрд. теңге, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 42,5 млрд. теңгені құрады (өсім 73%).

Сонымен қоса шұғыл емдеуге жатқызу жағдайларының саны 15%–ға - 430,8 мың адамға дейін азайды (2019 жылдың 1 тоқсанында 508 мың пациент).

Яғни, МӘМС жүйесі, пациентті қиын жағдайға жеткізбей, ауруханаға жатуды жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл емдеу нәтижесіне оң әсер етеді.

ӘМСҚ-да айтылғандай, екінші тоқсанның нәтижелеріне қабылданған шектеу шаралары әсер етеді:

«Төтенше жағдай режимі медициналық көмекті тұтыну көлеміне әсер етті. Екінші тоқсанда жоспарлы медициналық көмекті тұтынудың төмендеуі күтілуде», – деп атап өтті "ӘМСҚ" баспасөз қызметі.