Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 501 913
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
279 743 807 324
Келіп түскен өтініштер
25 359

Жаңалықтар

ӘМСҚ БАСШЫСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Сабит Ахметов Қостанай облысына жұмыс сапарының аясында өңірдің медициналық ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Жиынға әкімнің орынбасары Ринат  Мұхаметқалиев, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев, сондай-ақ Қордың өңірлік филиалының басшысы Батырбек Нұрғалиев қатысты.

Айта кететін жайт, Қостанай облысында 108 денсаулық сақтау субъектісінің ішінен Қор жеткізушілері 80 субъект, бірлесіп орындаушылар – 100 субъект болып табылады.
Кездесу барысында Сабит Ахметов Қордың жеткізушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге, оларды проблемалық мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеуге белсенді тартуға, сондай-ақ МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында медициналық ұйымдармен сындарлы диалог құруға ниетті екенін айтты.
Сабит Ахметов өз сөзінде Мемлекет басшысының жүйенің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қордың қабылдаған шаралары туралы айтып берді, сондай-ақ медициналық ұйымдардың сызықтық шкаланы қолдану және шарттық міндеттемелерді сақтау қажеттілігіне түсініктеме берді.
Қордың Басқарма төрағасы институционалдық шараларды қабылдау шеңберінде бірлесіп жоспарлы түрде әрекет ету керектігін атап өтті.
Осылайша, Қор нормативтік құжаттар аясында толық цифрландыру және жеткізушілермен жұмыс жағдайларының икемділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырады, медициналық ұйымдар қаржылық тәртіп пен басқару принциптерін жақсарту мәселесін ескеруі қажет.



Кездесудің екінші бөлімі «сұрақ-жауап» форматында өтті. Медициналық ұйымдардың өкілдері қаржыландыруды ұлғайту, сызықтық шкаланы қолдану, бірлесіп орындаушылардың қызметтеріне ақы төлеу және медициналық ақпараттық жүйелердің жұмысы мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға Қордың Басқарма төрағасы мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары толық түсініктеме берді.
Әрі қарай медициналық ұйымдарымен жұмыстың әрқайсысы бойынша проблемалық жағдайларды нақты талдаумен жалғасты.
Естеріңізге сала кетейік, ӘМСҚ басшысы Сабит Ахметов өңірлер бойынша бірқатар жұмыс сапарларын жасайды, оның барысында медициналық ұйымдарға барады және МӘМС жүйесін іске асыру мәселелері бойынша Қор жеткізушілерімен кездесулер өткізеді.
Бірінші өңір Қостанай облысы болды, онда С. Ахметов қалалық және облыстық ауруханалардың, Әулиекөл аудандық ауруханасының және Новонеженка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты.
Қор басшысы аталған медициналық ұйымдардың ұжымдарымен кездесулер өткізді, көрсетілетін медициналық қызметтер спектрін кеңейту арқылы кредиторлық берешек және МҰ-ны даму перспективалары бөлігіндегі проблемалық мәселелер бойынша баяндамаларды тыңдады.