Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 615 308
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
212 282 433 963
Келіп түскен өтініштер
19 985

Жаңалықтар

МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАРАЖАТЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ЖҰМСАЙТЫН «ҚАЛТА» ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ 5,4% - ҒА ТӨМЕНДЕДІ

Әлеуметтік медициналық сақтандыруды реформалау, ең алдымен, бұрын мемлекет кепілдік берген пакетте қаржыландырылмаған қымбат оталар мен тексерулердің барлығының қолжетімді болуына байланысты қазақстандықтардың отбасылық бюджетін үнемдеуге бағытталды. Үнемделген қаражатын адамдар білім алуға және әл ауқаттарын жақсартуға жұмсай  алады.
Егер 2017 жылы халықтың медициналық қызметтерге ақы төлеуге жұмсайтын жеке шығыстарының үлес салмағы денсаулық сақтаудың жалпы бюджетінің 33,1%-ын құраған болатын, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген рұқсат етілген шектен 1,5 есе дерлік жоғары, ал 2022 жылы Ұлттық шоттардың деректеріне сәйкес «қалта» шығындары 27,7%-ға дейін төмендеді.

МӘМС енгізілгенге дейін азаматтар амбулаториялық емханалық көмекке және дәрілік заттарды сатып алуға көп шығынданатын.

Медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін бұрын қаржыландыру тапшылығында болған медициналық көмектің көптеген түрлеріне қосымша қаражат бөлінді. Мысалы, 2022 жылдың деректері бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 3,5 есеге, медициналық оңалту 12,5 есеге және консультациялық-диагностикалық көмек 14 есеге көбейді.

Осы тұрғыда МӘМС медициналық көмекті қаржыландыру көлемін 1,1 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін, ал еліміздің бір тұрғынына денсаулық сақтау шығындарын - 56,8 мың теңгеден 121,7 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Тек амбулаториялық деңгейде бекітілген бір азаматқа жұмсалатын шығыстар 2,5 есеге - 15,9 мың теңгеден 39,9 мың теңгеге дейін өсті. МСАК-ты қаржыландыру денсаулық сақтау бюджетінің 34%-ын құрады. МСАК деңгейінде шығыстардың айтарлықтай өсуіне қарамастан, бастапқы  қаржыландыру ДДҰ МСАК қаржыландыру стандарттарымен ұсынылған Денсаулық сақтау бюджетінің 60%-на жетпейді. 

Сондықтан алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстарды ұлғайтуды жалғастыру қажет, өйткені ол медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын, техникалық жарақтандыруды, кадрлармен қамтуды, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін дамытуға, әлемдік стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетудің үздік тәжірибелерін енгізуге ықпал етеді.