Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 473 822
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
251 306 962 759
Келіп түскен өтініштер
24 199

Жаңалықтар

Қор филиалының экс-директорының ұсталуына қатысты

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының бұрынғы директоры Р.Ф. Бектібаевты ұстауға қатысты мәлімдеме.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалдың бұрынғы басшысы Руслан Бектібаевты ұстау туралы ақпаратқа қатысты тергеуді бастау үшін материалдарды уәкілетті органдарға "ӘМСҚ" КЕАҚ басшылығы ұсынғанын хабарлайды.

2022 жылдың ақпан-тамыз айларында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қордың барлық филиалдарының жұмысын кешенді тексеруге бастамашылық жасады.

2022 жылғы маусымда Маңғыстау облысына 2017-2021 жылдар кезеңінде тексеру жүргізілді. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу шарттарын жасасу кезінде жіберілген бірқатар бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді.

Тексеру барысында жалған медициналық қызмет көрсету деректері анықталып, олар медициналық ақпарат жүйелеріне енгізілгені анықталды. Осылайша, көрсетілмеген ауруханаға жатқызу және вакцинация фактілері анықталды.

2022 жылғы тамызда Қор осы факті бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті органдарға өтініш жолдады.