Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 479 303
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
254 797 805 016
Келіп түскен өтініштер
24 443

Жаңалықтар

МӘМС бойынша 2022 жылдың 11 айында 12 млн астам стоматологиялық қызмет көрсетілді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің арқасында стоматологиялық көмек халықтың белгілі бір санаттарына қолжетімді болды. Олар МӘМС бойынша тістерді тегін емдеу мүмкіндігін белсенді пайдаланады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өткендей, егер 2021 жылы 10 млн-ға жуық стоматологиялық қызмет көрсетілсе, 2022 жылдың 11 айында – 12 млн-нан астам қызмет көрсетілді.

 

Жоспарлы түрде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге қол жетімді.

Шұғыл көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың 9 санаты ала алады:

·        18 жасқа дейінгі балалар;

·        жүкті әйелдер;

·        ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;

·        I, II, III топтағы мүгедектер;

·        «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

·        атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;

·        жасы бойынша зейнеткерлер;

·        инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар;

·        ерекше назар аударуды талап ететін балаға немесе бала кезінен I - топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.

Шұғыл стоматологиялық көмек науқастың өміріне қауіп төндіретін кенеттен болатын өткір аурулар мен созылмалы аурулардың өршуі кезінде көрсетіледі:

-         пульпит (жедел немесе созылмалылықтың қабынуы);

-         периодонтит (жедел немесе созылмалылықтың қабынуы);

-         жақ-бет жарақаты (мысалы, тістің шытынауы немесе сынуы);

-         жақ-бет аймағының одонтогендік және одонтогендік емес қабыну ауруларының өршуі;

-         стоматит;

-         жедел ауырсыну жағдайларда;

-         шұғыл хирургиялық араласуды қажет ететін емдеулер.

Пациенттердің аталған санаттары үшін МӘМС пакетімен қандай көмек тегін көрсетіледі?

-         анестезия;

-         жақ немесе тіс рентгенографиясы;

-         тісті жұлу;

-         пломбаны препараттау және салу;

-         периостотомия;

-         пульпит, периодонтит, стоматиттің жедел түрлерін, альвеолитті емдеу;

-         абсцесті ашу.

Егер сізде сұрақтар туындаса, оларды Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласу арқылы, өз емханаңызда қоя аласыз. Сізге жергілікті жерде көмек көрсетілмесе, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Дәл осы құралдар сақтандырудың күйін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінен «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.