Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 473 822
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
251 306 962 759
Келіп түскен өтініштер
24 273

Жаңалықтар

Аударымдар мен жарналардың жалпы көлемі 1,47 млрд теңгеден асты

2017 жылдың 10 тамызын қоса алғанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған төлемдердің жалпы сомасы 1,47 млрд теңгеден асып жығылды.

Тамыз айының басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ҚР Ұлттық банкіндегі шотына 670 млн теңгеден астам қаржы түскен.

Түсімдердің 60% жұмыс берушілердің аударымдары болса, 40% – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы. 2017 жылдың 10 тамызын қоса алғанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған жарналар мен аударымдардың жалпы сомасы 1,47 млрд теңгеден асқан.