Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 479 303
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
254 797 805 016
Келіп түскен өтініштер
24 438

Жаңалықтар

Міндетті медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері екі есе кеміді

Заңға мемлекет басшысы қол қойды. 

Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне қатысты заңдарды жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңға енгізілген жаңа нормалар жарна мөлшерін қысқартуға, сонымен қатар, бизнеске түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. Елдегі экономикалық ахуалға байланысты қабылданған түзетулерді мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесі деуге болады.

Осылайша, жұмыс берушілер үшін ең жоғарғы мөлшерлеме 5%-дан 3%-ға дейін, жеке кәсіпкерлер үшін - 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер үшін жарна есептеу объектісі де төмендетілді. Бұрын бұл санаттағылар табысының 7% төлеуі тиіс болса, енді 2 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5% төлемек.

Мемлекет тарапынан төленетін жарна көлемі өзгерген жоқ. Мемлекет азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған 14 санатын сақтандырады. Бүгінде еліміз бойынша мұндай санаттағы тұрғындар саны шамамен 10 млн. жуықтайды.

1 шілдеден бастап міндетті медициналық сақтандыру жарналарын/ аударымдарын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейді.

Алайда, бұл жарналар мен аударымдарды бүгін төлеу қажет дегенді білдірмейді. Шілде айына белгіленген аударымдар тамыздың 25-іне дейін төленуі тиіс. Бірақ есеп 1 шілдеден басталады.

Жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскерлер үшін олардың табысының 1% көлемінде жарна аударады. 
Жеке кәсіпкерлер (соның ішінде, жеке меншік нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) өздері үшін 2 ЕТЖ-ның 5% аударады. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер қарамағындағы жұмыскерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударады.

Жарна есептелетін жалақының ең жоғарғы мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан немесе 366 мың 885 теңгеден аспауы тиіс. Яғни, ай сайын төленетін міндетті жарнаның ең жоғарғы мөлшері 3668 теңге 85 тиыннан аспайды.

Міндетті сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек 2018 жылдан бастап көрсетіледі.