Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 620 658
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
216 398 360 918
Келіп түскен өтініштер
20 231

Жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қоры мен Қазақ ҒЗИ консультациялық диагностикалық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесін талқылады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев Алматы қаласындағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты басшылығымен МӘМС есебінен көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігі мәселелерін талқылады.

«Бүгінде офтальмологиялық қызметтер халық арасында үлкен сұранысқа ие және әрбір сақтандырылған пациент сапалы тексеруден өтіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен уақтылы ем алуын қамтамасыз ету қажет», – деп атап өтті ӘМСҚ басшысы кездесу барысында.

Өз кезегінде, Көз аурулары институтының директоры Нейля Алдашева Қор басшылығын ҚазҒЗИ қызметімен таныстырып, институттың бірыңғай офтальмологиялық қызмет аясында, оның ішінде медициналық сақтандыру шеңберінде атқаратын жұмыстары күшейтілетінін атап өтті.