Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 501 913
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
279 743 807 324
Келіп түскен өтініштер
25 466

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кері байланыс арналары қалай жұмыс істейді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Медициналық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры Лаззат Шоманова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қордың ресми арналарының жұмысы туралы айтты.

«Көбінесе адамдарға 1406 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу ыңғайлы, оның кеңесшілері өтініштерді өңдеудің үш деңгейлі моделі бойынша қарайды. Бірінші деңгейге консультативтік сипаттағы сұрақтар жатады және олар бойынша жауаптар дереу беріледі. Екінші және үшінші деңгей егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер. Қордың мамандары медициналық ұйыммен байланысады, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсетуді немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді. Шұғыл мәселелер 1 күн ішінде шешіледі, қалғандарын қарау мерзімі 5 күнді құрайды», - деп спикер өтініштерді өңдеу принципін түсіндірді.

Қормен байланысудың тағы бір тәсілі – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы. Оны Play Market және App Store-да орнатуға болады. Өтінішке қосымша нөмір беріледі, содан кейін өтініш беруші оның өңделу мәртебесін бақылай алады. Өтініштерді қарау байланыс орталығының алгоритмі бойынша жүргізіледі.

Қор Telegram-да Saqtandyrýbot арқылы да өтініш беру мүмкіндігін қарастырады. «Бас мәзір» пәрменін басқаннан кейін таңдау үшін бірнеше бөлім бар, олардың бірі «1406-ға өтініш жіберу».

Қордың fms.kz сайты сондай-ақ, 1406 байланыс орталығының CRM жүйесіне біріктірілген. Сондықтан өтінішті осы ресурс арқылы да қалдыруға болады, басты бетте «Өтінішті қалдыру» баннері орналастырылған.

Лаззат Шаманова атап өткендей, осы ресурстардағы кері байланыстан басқа медициналық сақтандыру туралы ақпарат алуға, сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге болады.