Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 473 822
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
251 306 962 759
Келіп түскен өтініштер
24 259

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері бойынша 5,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жұмысының басты бағыттарының бірі – халықпен кері байланыс орнату. Қор қызметтері халыққа шағымдарды, сұрақтар мен ұсыныстарды өңдеу үшін қабылдай отырып, білікті ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетеді, деп атап өтті ОКҚ брифингінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Медициналық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры Лаззат Шоманова.

2021 жылы Қор азаматтардан келіп түскен 863 мыңнан астам өтінішке жауап берді, сұрақтардың көпшілігі консультативтік сипатта болды. ТМККК және МӘМС бойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың атына келген 15,5 мыңнан астам өтініш егжей-тегжейлі қаралды. Олар бойынша Қор пациенттердің уақытылы және сапалы медициналық көмек алу құқығын қорғады.

«2022 жылдың 1 тоқсанында 208,5 мың өтініш түсті, оның ішінде халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері бойынша 5,5 мыңнан астам өтініш. Ең алдымен, бұл өтініштер сапасыз медициналық көмек көрсету, медициналық көмек көрсетуден бас тарту, медициналық көмекті ұзақ күту, ең алдымен КДҚ, ТМККК және МӘМС бойынша тиісті дәрі-дәрмектерді беруден бас тарту, медициналық этика мен деонтологияны бұзу мәселелеріне қатысты болды», – деп мәлімдеді Лаззат Шоманова.

Спикер атап өткендей, Қорға жүгінулер санының өсуі пациенттерді тиісті сүйемелдеудің және пациенттерді қолдау қызметтері тарапынан тікелей медициналық ұйымдарда бақылаудың жоқтығын, өңірлердегі денсаулық сақтау жүйесінің пациенттің мұқтаждықтарына төмен жауап беретіндігін көрсетеді.

«6 өңірде халық өтініштерінің жиілігі орташа республикалық деңгейден едәуір асады-Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында», – деп толықтырды Лаззат Шоманова.