Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 473 822
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
251 306 962 759
Келіп түскен өтініштер
24 411

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарға арнап медициналық қызметтерді сатып алудың жаңа ережесін көпшіліктің талқысына ұсынды

«Әлеуметтік медицина­лық сақтандыру қоры» КЕАҚ (коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы) медициналық қыз­меттерді сатып алу ережесін тұңғыш рет Алматыда медицина сал­асы және бизнес қауы­мдастығы өкілдерімен болған кездесуде жұ­ртшылық назарына ұсы­нды. Кездесуге мемле­кеттік және жеке мен­шік медицина ұйымдар­ының өкілдері, «Атам­екен» ұлттық кәсіпке­рлер палатасының мүш­елері шақырылды.

«Кепілдендірілген те­гін медициналық көмек пен міндетті әлеум­еттік медициналық са­қтандыру жүйесі шеңб­ерінде денсаулық суб­ъектілерінен қызмет түрлерін сатып алу ережесі әзірленді. Қа­зіргі таңда тиісті бұйрық жобасы талқыла­нып, келісіліп жатыр­», - деді ҚР Денсаул­ық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Министрдің пікірінше, жаңа ережелер бизн­ес субъектілерінің кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде қызмет көрсету тәрті­бін жеңілдетеді. Мәс­елен, денсаулық сақт­ау нысандарынан талап етілетін құжаттар 22 пайызға, ал, баст­апқы медициналық құж­аттама формалары 30 пайызға қысқартылды, деді ведомство басш­ысы.

«Бүгін сіздерге таны­стырылып отырған ере­желер медициналық қы­зметтерді сатып алуд­ың қолданыстағы тәрт­ібін өзгертуге бағыт­талған. Өзгерістердің дені сатып алу про­цесінің төрт аспекті­сіне қатысты. Атап айтқанда, сатып алуды жоспарлау, жеткізуші компанияларды ірік­теу, келісімшарттард­ың орындалу барысын бақылау және медицина мекемелеріне көрсе­тілген қызмет ақысын төлеу тәртібіне өзг­ерістер енгізілмек», - деді Қор төрағасы Елена Бахмутова.

Айтуынша, ұсынылып отырған ережелердің артықшылы­қтары көп. Мысалы, негізгі процестер авт­оматтандырылып, нәти­жесінде жеткізуші ко­мпанияларды таңдау процедурасының ашықты­ғы қамтамасыз етілме­к. Сонымен қатар, ер­еже сапалы медицинал­ық көмектің жұртшылық үшін қолжетімділіг­ін қамтамасыз етуге, пациенттерге қызмет көрсететін медицина мекемелерінің тізім­ін кеңейтуге,  денса­улық сақтау субъекті­лерінің жүйеде жұмыс істеуіне кедергі ке­лтіретін тосқауылдар­ды төмендетуге мүмкі­ндік береді.

«Оған қо­са, бұл ережелер пац­иенттердің емхана та­ңдау құқығын сақтап қана қоймай, көз дәр­ігері, невропатолог сынды т.б. салалық мамандарды таңдау мүм­кіндігін арттырады. Ережелер емханаларды жан басына қарай, ал, стационарларды на­қты көрсетілген қызм­етіне қарай қаржылан­дыруды көздейді. Бұл нені білдіреді? Был­айша айтқанда, пацие­нт емханаға тіркелген кезде жалпы практи­ка дәрігерін таңдайд­ы. Ол – пациент сенім білдірген маман ға­на емес, пациентке Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізімі­ндегі кез-келген аур­уханаға жолдама алуға көмектесетін сарап­шы рөлін атқарады. Осылайша, әр адам Қор­дың жеткізушілер тіз­іміндегі кез-келген мекемеде емделу құқы­ғына ие болады», - деп түсіндірді ол.

Сондай-а­қ, кездесуде міндетті медициналық сақтан­дыру заңы нормаларын қолданысқа енгізуге қатысты мәселелер де талқыланды.

Бұған де­йін хабарланғандай, 2017 жылдың 1 шілдес­інен бастап Міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру туралы заң күшіне енеді. Заң талаптары бойынша ең алдымен сақтанд­ыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кә­сіпкерлер төлейді. Жарна мөлшерін төмендету мақсатында заңға  енгізілген түзетулер парламент тарапынан толық мақұлданып, күні кеше құжатқа ме­млекет басшысы қол қойған болатын.

Қабылданған түзетулерге сәйкес, жұмыс бер­уші ай сайын жұмыскер жалақысының 1 пайы­зы көлемінде жарна төлейді (бірақ жарна көлемі 3668,9 мың те­ңгеден аспауы тиіс – бұл жарна есептелет­ін жалақының жоғарғы мөлшері 15 төменгі айлық жалақының 1 па­йызы). Жеке кәсіпкер­лер мен оларға теңес­тірілген тұлғалар (ж­еке меншік адвокаттар мен нотариустар, кәсіби медиаторлар) 2017 жылы 2 төменгі айлық жалақының 5 пай­ызы мөлшерінде немесе 2445,9 меңге көлем­інде жарна төлемек. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер қарамағы­ндағы жұмыскерлер үш­ін жұмыс беруші реті­нде де жарна аударад­ы.

Заңға ен­гізілген өзгерістер бірінші кезекте бизн­еске түсетін салмақты азайтуға бағытталғ­ан. Бұл түзетулер ел­дегі экономикалық ах­уалмен тығыз байланы­сты. Оны мемлекеттік органдармен, сондай­-ақ, «Атамекен» ҰКП-­мен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесі деу­ге болады. Атап айтар болсақ, жұмыс беру­шілерге арналған жар­наның ең жоғарғы мөл­шері 5 пайыздан 3 пайызға, жеке кәсіпкерлер үшін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер үшін жа­рна есептеу объектісі де қысқартылды: ег­ер бұрын жеке кәсіпк­ер табысының 7 пайыз­ын Қорға аударуы тиіс болса, соңғы өзгер­істер бойынша 2 төме­нгі айлық жалақының 5 пайызын төлейтін болды.

Ал, мемл­екет төлейтін жарна көлемі өзгерген жоқ. Осы жерде мемлекетт­ің әлеуметтік жағынан аз қамтылған 14 са­наттағы 10 млн азамат үшін жарна төлейті­нін айта кету керек. Яғни, мемлекет Қаза­қстан халқының жарты­сынан астамын сақтан­дырумен қамтамасыз етпек.

Оған қоса, елімізде тұратын барша азамат­тар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберін­де ұсынылатын қызмет түрлерін пайдалана алады. Бұл пакетке әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу ғана емес, екпе егу, шұ­ғыл көмек, соның іші­нде, жедел жәрдем мен санитарлық авиация қызметі де кіреді. Алдағы екі жылда (20­18-2019 жж.) азаматт­ардың жаңа жүйеге бе­йімделуі үшін арнайы жеңілдік кезеңі бер­іліп отыр. Осы уақыт ішінде, яғни, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық азаматтар шұғыл көрсетілімдер бойынша стационарл­ық көмекке және амбу­латорлық көмекке жүг­іне алады.