Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 479 303
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
254 797 805 016
Келіп түскен өтініштер
24 464

Жаңалықтар

Қор сарапшылары медициналық ұйымдардың мониторингі кезінде 28,3 мың «қосып жазуды» анықтады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарды қаржыландыру операторы екені белгілі. Пациенттерге көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Алдын ала деректер бойынша, 2021 жылдың 11 айында Қор сарапшылары 23,8 млрд теңге сомаға медициналық көмек көрсетудің 969,1 мың ақаулығын анықтады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алып қою сомасы 3 еседен астам өсті – 2020 жылы 1,04 млн ақау 7,9 млрд теңгеге.

Медициналық көмектің сапасы мен көлемі мониторингінің жедел деректері бойынша 2021 жылдың 11 айында Қор медициналық көмек көрсетуде 969,1 мың ақау бойынша 23,8 млрд теңге сомасына бұзушылықтар анықтады. Өңірлер бөлінісінде барлық ақаулардың үштен бірі (28,7% - 277,8 мың ақау) үш өңірге жатады:

- Түркістан облысы – 11,1% немесе 107,2 мың ақау;

- Солтүстік Қазақстан облысы – 9% немесе 86,8 мың ақау;

- Алматы облысы – 8,6% немесе 83,8 мың ақау.

Көрсетілетін медициналық көмектің/қызметтердің көлемін негізсіз жоғарылату – 63,3%; емдеу-диагностикалық іс – шараларды, қызметтерді Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, ережелерден/клиникалық хаттамалардан негізсіз қабылдамау-16,7%; есепке алу – есеп беру құжаттамасын дұрыс ресімдемеу, деректерді ақпараттық жүйеге енгізу-13,6% сияқты бұзушылықтарға медициналық көмекті/қызметтерді жеткізушілер жиі жол береді. Оның ішінде Қор сарапшылары медициналық қызмет көрсетудің 28,3 мың расталмаған жағдайын анықтады, олар бойынша алу сомасы 196,8 млн теңгені құрады. Бұл ретте анықталған «қосып жазу» жағдайларының 98,2%-ы консультациялық-диагностикалық қызметтерді жеткізушілерге тиесілі. Ең көп бұзушылықтар Нұр-Сұлтанда – 63%, Шымкентте – 22,7% анықталды.