Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 501 913
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
279 743 807 324
Келіп түскен өтініштер
25 272

Жаңалықтар

ӘМСҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарланған іс-шаралардың 98% - ы өткізілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың жұмысына Қор басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ Қордың өңірлік филиалдарының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Превенция басқармасының ІІО бойынша офицері А. Е. Кенебаева бүгінде әлемде корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс қызмет институты болып табылатынын атап өтті. Комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі-құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылады.

Осы бағытта Департаментпен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыру кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде елордада квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен жергілікті атқарушы органда 93 комплаенс қызметі енгізілген.


Сонымен қатар, ағымдағы жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң күшіне енді.

Осы заңның шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Кодекстің 15 бабы бойынша әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзыреті бекітілді.

Осы институт күшіне енген сәттен бастап 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметші және 3 жеке тұлға. Салынған айыппұлдар бойынша бюджетке қайтарылған жалпы сома 2,1 млн. теңгені құрады.

Өз кезегінде, Қор Басқармасы Төрағасының орынбасары Р.С. Төлебаев Қор қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мақсатында, біз тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын насихаттау бойынша іс-шараларды, сондай-ақ құқықтық жаппай оқытуды, атап айтсақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган өкілдерінің және жұртшылықтың қатысуымен ұйымдастырамыз деп атап өтті.

Ағымдағы жылы Қор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында басқа да іс-шаралар өткізді, атап айтқанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша жасалған іс-шаралар жоспарының барлық тармақтары орындалды. Орындалған пункттер саны іс-шаралардың жалпы санының 98% - ын құрады. Айта кетер болсақ, Қордың өз күшімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болу мақсатында Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте, ағымдағы жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты көптеген өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды орындауда уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар тобы кеңейтілді және оларға жаңа шектеулер айқындалды.

Іс-шараның соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.