Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 479 303
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
254 797 805 016
Келіп түскен өтініштер
24 425

Жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қорының 10 айдағы жасаған жұмысының қорытындысы ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің отырысында жарияланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Кеңесінің V- отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ағымдағы жылдың 10 айындағы жұмысының қорытындысы жарияланды.

Ведомствоның Қоғамдық кеңесі мүшелері алдындағы берген есебінде «ӘМСҚ» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов биыл халыққа медициналық қызмет көрсетуге шамамен 2 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,3 трлн теңге, МӘМС бойынша – 700 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

2021 жылғы 8 - қарашадағы жағдай бойынша көрсетілген медициналық қызметтер үшін ТМККК және МӘМС бойынша 1,5 трлн теңге төлеуге қабылданды.

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай ұлғаюына байланысты МӘМС шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі артқаны байқалады.

Емханалар деңгейінде консультациялар мен диагностикалық қызметтер саны 33%-ға артты. Жалпы, консультативтік-диагностикалық көмек 124 млрд теңгеге жуық сомаға көрсетілді. МӘМС бойынша жоспарлы түрде стационарларда 620 мыңнан астам пациент емделді, 558 мың операция жүргізілді. Емханаға жоспарлы емдеуге жатқызуды 10 және одан да көп күн күтетін пациенттер саны 13% - ға қысқарды (2020 жылғы 21,1 мыңнан қазіргі кездегі 18,5 мың пациентке дейін). Көрсетілген стационарлық медициналық көмектің құны 262 млрд теңгеден астам, ал ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын көмек – 90 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Қордың пациенттің құқығын қорғаушы ретіндегі рөлін ескере отырып, барлық кері байланыс арналары арқылы азаматтардан келіп түсетін өтініштердің саны өсуде. 2021 жылы олардың саны 732 мыңға дейін өсті және 2020 жылдың көрсеткішінен 40 %-ға асты. Сонымен қатар, өтініштердің жалпы ағынынан шағымдардың саны 13 мыңнан асты. Есеп беру қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың пациенттермен байланыс орнатуына жауапты медициналық ұйымдардың өздерінде пациенттерді қолдау қызметтерінің рөлін арттыру қажеттілігі атап өтілді.

Сондай-ақ, ҚК мүшелері халықты МӘМС жүйесіне тарту мәселелеріне назар аударып, жергілікті атқарушы органдар мен Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Болат Төкежанов Қордың 2022 жылға арналған жоспарлары туралы айта отырып, медицина қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын арттыруға арналған шығыстардың ескеріліп, тарифтерді қайта қарастыру көзделгенін атап өтті. Бұдан басқа, «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асыру аясында медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту бойынша келесі қадамдар күтілуде:

- шалғайдағы елді мекендердегі жылжымалы мобильді кешендер қызметтерін қоса алғанда, ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамтуды арттыру;

- қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру;

- жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер кезінде ЭКҰ-ның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамту;

- кемтар балаларды медициналық оңалтумен қамту.

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан тұрғындардан келіп түсетін өтініштер мен шағымдарды қарау тетігін жақсарту, бірқатар медициналық қызметтердің тарифтерін қайта қарау, зерттеу институттарының ғылыми қызметін қолдау қажеттілігі, телемедицинаның дамуын ынталандыру және т. б. мәселелер мен ұсынымдар айтылды.

Қоғамдық кеңес төрағасы Надежда Петухова МӘМС-ті енгізу пандемиямен тұспа-тұс келгеніне қарамастан, Қор жұмысының нәтижелері, әсіресе өңірлерде, медициналық ұйымдарды қаржыландыру айтарлықтай артқанын атап өтті. Сондай-ақ, Кеңес төрағасы Надежда Михайлқызы медициналық қоғамды халықпен кездесулерде медициналық сақтандыруды және жүйенің артықшылықтары туралы белсенді түрде айтуға шақырды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарау қорытындысы бойынша Басқарма төрағасының есебі қабылданып, Қордың қызметіне оң баға берілді.

Сонымен қатар, ҚК мүшелері Денсаулық сақтау министрлігінде Әдеп кодексінің сақталуы туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шаралары туралы есепті тыңдады.

 

Анықтамалық:

2021 жылдың 10 айында МӘМС жарналары мен аударымдары түрінде 620,4 млрд теңге түсті. Оның ішінде мемлекеттің жеңілдік берілген санат үшін жарналар барлық түсімдердің 48% - ын немесе 297 млрд теңгені құрады. Осылайша, мемлекет әдеттегідей халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін сақтайды. Жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне аударған жарналары 156 млрд теңге (25,2%), қызметкерлер жарналары – 141 млрд теңгені (22,8%) көрсетіп отыр.

Бүгінгі күні Қормен тікелей шарттар бойынша медициналық көмек көрсететін өнім берушілердің саны 1 393 денсаулық сақтау субъектісін құрайды, оның ішінде 686 (49%) мемлекеттік және 707 (51%) жеке меншік нысаны.