Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 615 308
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
212 282 433 963
Келіп түскен өтініштер
19 965

Жаңалықтар

ТМККБК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қосылу шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасының 2021 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№22 Хаттама) Қор Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы шешімімен (№88 хаттама) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қосылу шартына (бұдан әрі – қосылу шарты) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қосылу шартының өзекті редакциясы осы интернет-ресурста «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөлімінің «Ережелер мен құжаттар» қосымша бетінде, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу веб-порталында (https://fms.ecc.kz/), орналасқан.
  «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына тиісті түзетулер қолданысқа енгізілген күннен кейін күшіне енетін қосылу шартының 17-тармағының 1)- тармақшасындағы өзгерістерді қоспағанда,. қосылу шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қордың интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін күшіне енеді.