Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 509 433
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
287 162 627 482
Келіп түскен өтініштер
25 487

Жаңалықтар

ӘМСҚ есебінен ресейлік мамандардың қатысуымен көздің қатерлі ісік ауруы бойынша операциялар жасалды

Селективті ішілік химиотерапия ретинобластоманы емдеу әдісі болып табылады және көзді сақтауға бағытталған. Ретинобластома – бұл кішкентай балаларда жиі дамитын көз торының оптикалық бөлігінің қатерлі ісігі. Аурудың қауіптілігі тек көру қабілетінің жоғалу қаупінде ғана емес, сонымен қатар басқа органдарда метастаздар мен ісіктерді тудырады.

Бүгінгі таңда селективті интраартериялық химиотерапия елімізде жүргізілмейді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында Н. Н. Блохина атындағы Онкология ғылыми медициналық орталығының рентгенваскулярлық хирург И.А. Трофимов пен анестезиолог Л. А. Мартынов (Мәскеу қ., РФ) шетелдік мамандарды тарта отырып, «Ретинобластома» диагнозы бар балаларға осы операцияны жүргізу бойынша мастер-класс өтуде.

Селективті интерартериялық химиотерапия «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-ның базасында 15–18 маусым аралығында өткізілді. Осы кезеңде шетелде емдеуге жіберуді жоспарланған 8 балаға операция жасалды. Барлық емдеу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен ТМККК шеңберінде қаржыландырылды.

Өткізілген мастер-кластардың нәтижелері бойынша аталған технологияны отандық денсаулық сақтау ұйымдарында енгізу жоспарлануда. Бүгінгі күні ӘМСҚ селективті интраартериялық химиотерапия қызметін жүргізу бойынша тарифті бекіту үшін тиісті жұмысты жүзеге асыруда.

Мастер-класс өткізу біздің азаматтарымызға шетелге шықпай-ақ, жоғарыда аталған медициналық көмекті ҚР-да алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында отандық бейінді мамандарды (онкологтар, гематологтар, офтальмологтар, Ангиохирург) шетелдік мамандардың тәжірибе алмасуы үшін оқыту қарастырылған.