Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 620 658
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
216 398 360 918
Келіп түскен өтініштер
20 254

Жаңалықтар

Болат Төкежанов Шымкент қаласында медициналық көмек көрсету мәселелерімен танысты

Жұмыс сапары барысында Басқарма төрағасы Қордың Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен жұмыс кеңесін өткізді. Ұжым алдында Болат Төкежанов филиалының жаңа директоры Сәбит Құралбекпен таныстырды. Сәбит Құралбек бұрын түрлі медициналық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған, Қордың Ақмола, Алматы, Атырау облыстары бойынша филиалдарының директоры болған.

Қор филиалы директорының орынбасары Ләззат Алимова атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, ағымдағы міндеттерге тоқталып, Шымкент қаласындағы филиалдың жұмыс сапасын жақсарту және өңірдегі МӘМС жүйесін одан әрі дамыту бойынша уақтылы шешімдер қабылдап жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында Болат Төкежанов филиал ұжымына медициналық ұйымдарды уақытылы қаржыландыру, медициналық қызметтерге сапалы мониторинг жүргізу, сондай-ақ пациенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін кері байланыс арналары арқылы келіп түсетін халықтан мәселелерді жедел қарау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Қор басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде МӘМС жүйесін дамыту, медициналық нысандардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту, кадрлық әлеуетті дамыту, пациенттердің құқықтарын қорғау мәселелерді талқыланды. Мұрат Әйтенов өңірге инвесторлар тартылатынын, сондай-ақ әртүрлі бейіндегі медициналық қызметтердің өңірлік орталығын құру жоспарланғанын хабарлады. Осыған байланысты, Болат Төкежанов филиалға Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жарты жылдың қорытындысы бойынша талдау жүргізуді және өңірлік орталықты құруды қолдау бойынша әкімге ұсыныстар беруді тапсырды.

Әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловпен кездесу барысында Қор басшысы медициналық көмек пен тегін амбулаториялық дәрілік препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту қажет деген қорытындыға келді. Сол үшін денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын сәйкес келтіру, медицина қызметкерлерін оқыту және де халықты МӘМС жүйесімен қамту және жалдамалы қызметкерлер жарналарының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды талқылады.

Сапар соңында Қор басшысы «Атамекен» медициналық орталығына барды. Онда кешенді медициналық мониторинг және пациенттердің денсаулығын бақылаудың профилактикалық әдістері қамтамасыз етіледі, операциядан кейінгі кезеңде пациенттерге қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, Болат Төкежанов №2 қалалық аурухананың жұмысымен танысты. Бұнда 2021 жылдың 5 айында 1360 ота жасалған. Қор басшысына тіркеу және анықтама қызметіның жұмысы көрсетілді. Басқарма төрағасы мекеменің ақпараттық жүйелерінің жақсы жұмысын атап өтті.