Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 501 913
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
279 743 807 324
Келіп түскен өтініштер
25 432

Жаңалықтар

Медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 132 млрд теңге жоспарланған – Төкежанов

Дәрігерлердің жалақысын 30%-ға дейін және орта медициналық қызметкерлердің жалақысын 20%-ға дейін арттыруға 132 млрд теңге бөлінді, деп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов хабарлады.

Жалақыны арттыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының жеткізушілерінің медициналық қызметтерге ақы төлеу тарифтерінде көзделген.

Қазіргі уақытта еліміздегі дәрігерлер саны 76 мың штаттық бірлікті құрайды, оның 32 мыңы-бейінді мамандар.

Медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге дейін арттыру көзделген.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өсті, дәрігерлерге 30%-ға, орта медицина қызметкерлеріне 20%- ға ұлғайды.

Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 210 мың теңгені құрайды.