Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 479 303
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
254 797 805 016
Келіп түскен өтініштер
24 426

Жаңалықтар

Б. Төкежанов: Қор нақты көрсетілмеген 3,8 мың қызметті анықтады

Қор халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда. 1 тоқсанның қорытындысы бойынша Қор сарапшылары 203,6 мың ақауларды анықтады, айыппұлдарды есепке алғанда 3,5 млрд теңге сомасын құрады, деп мәлімдеді брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов. 

Анықталған ақаулардың ішінде 29,3 млн теңге сомасына 3 823 жағдай жалған есеп деп аталатын көрсетілмеген қызметтерді құрайды.

Сондай – ақ, Болат Төкежанов медициналық ұйымдардың проактивті мониторингі жаңа енгізілімі туралы айтып берді. Енді ақау анықталған жағдайда, жеткізуші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюы керек. Көрсетілген мерзімде ақаулар жойылмаған жағдайда айыппұлдар көзделген. 

«Бұл жаңа енгізілім медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым - қатынас жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Төкежанов. 

1 тоқсанда 321 медициналық ұйымда проактивті мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында анықталған Қор сарапшыларының негізгі ескертулері: ақпараттық жүйелерде құжаттаманың дұрыс жүргізілмеуі, диагностика мен емдеу стандарттарынан ауытқу, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін кадрлардың жинақталмауы және медициналық техниканың толық жабдықталмауы.

«Жалпы, 610 млн теңгені құрайтын 61 362 әлеуетті ақауы анықталды. Алғашқы тәжірибе медициналық ұйымдар үшін жағдайды түзетуге және одан әрі ақаулардың алдын алуға мүдделі екенін көрсетті,  ақауларды жасырудың «қатал» тәжірибесі жойылды, бұл ақаулардың себептерін талдауға, анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермей жүргендігі анықталды. Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 61 мың ақаудың тек 10,4 мың ақауы бойынша медициналық ұйымдарға айыппұл салынды», - деп атап өтті Төкежанов.