Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 509 433
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
287 162 627 482
Келіп түскен өтініштер
25 487

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі депутат Игорь Панченконың сауалы бойынша түсініктеме берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне Аягөз қаласының тұрғыны М.В. Кабақованың атынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуге байланысты асыраушысынан айырылуға байланысты жәрдемақыны ұстап қалу мәселелері бойынша депутаттық сауал келіп түсті.

Өтініш беруші уақытша жұмыс істемейді, жұбайы қайтыс болғаннан кейін бес баланы жалғыз тәрбиелеп отыр.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелері, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздері үшін өмір сүрудің тұрақты және негізгі қаражат көзі болған көмек алса, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқылы.

Бұл ретте, он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар.

Жәрдемақы төлеу заңға сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ай сайын мемлекеттік жәрдемақының келесі түрлері есептеледі:

1)      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бес балаға 58 457 теңге көлемінде);

2)      кәмелетке толмаған 5 балаға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы (69 634 теңге көлемінде);

2021 жылдың қаңтарына дейін М.В. Кабакова және оның балаларына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы төлемдер жүргізілген.

Сонымен қатар, 03.02.2021 жылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеу фактісінің анықталуына байланысты асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылды.

Осыған байланысты, өтініш берушіге асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуді қайта бастау үшін жұмыссыз ретінде тіркелу үшін Аягөз қаласы, Абай бульвары, 47Б мекенжайы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының бөлімшесіне жүгіну ұсынылды.

Сондай – ақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) жүйесі мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидатына негізделгенін хабарлаймыз.

Мемлекет қандай да бір жағдайлар бойынша табысы жоқ немесе халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын адамдар үшін МӘМС жарналарын төлеу жөнінде өзіне міндеттеме алады.

18 жасқа дейінгі балалар және одан кейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқыған жағдайда МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне ие болады, өйткені олар үшін жарналарды төлеу мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде ресми тіркеле алады немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады. Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы мәліметтер мемлекеттік дерекқорға түскен кезде ол үшін жарнаны мемлекет төлейтін болады.

Сонымен бірге Қорға аударымдар және (немесе) жарналар түспеген немесе Қорға жарналар төлемеген азаматтарға "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес сақтандырылу мәртебесіне қарамастан мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек ұсынылады, ол барлық бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (жалпы практика учаскелік дәрігерінің /терапевттің/педиатрдың қабылдауын, қарауын және емдеуді тағайындауын) және шұғыл, жедел емдеу жағдайларда медициналық көмекті (жедел жәрдем, санитариялық авиация), әлеуметтік маңызы бар (онкология, инсульт, инфаркт, қант диабеті, туберкулез, АИТВ, созылмалы вирустық гепатит және цирроз, балалардың церебралды сал ауруы, ревматизм және т.б.) және негізгі созылмалы аурулар (қан айналымы жүйесінің, тыныс алу органдарының, ас қорыту органдарының, сүйек-бұлшықет жүйесінің және дәнекер тіннің созылмалы аурулары, туа біткен ауытқулар және т. б.), инфекциялар, паллиативтік көмек, сондай-ақ амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді.