Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 479 303
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
254 797 805 016
Келіп түскен өтініштер
24 432

Жаңалықтар

2021 жылдың басынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дәрігерлерге 27,6 млрд теңге ынталандырушы үстемеақы төледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры COVID-19 және вирустық пневмониямен күресуге жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуді жалғастыруда.

2021 жылдың басынан қаржылық қолдау көрсетілді:

- қаңтар айында 50 мың дәрігерге белгіленген жалақыға қосымша 13,8 млрд теңге көлемінде үстемақы төленді: 14,1 мың денсаулық сақтау қызметкерлері – бұл бірінші қауіп тобы, 15,1 мың – екінші, 21,3 мың – үшінші;

- ақпан айында 54 мыңнан астам медицина қызметкеріне 13,8 млрд теңге сомасына үстемақы төленді: 14,8 мың – бірінші тәуекел тобы, 15,3 мың – екінші, 23,9 мың – үшінші.

Қазіргі уақытта әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры наурыз айына үстеме ақы төлеуді жүргізеді, болжам бойынша төлемдерді 51 мың медицина қызметкері алады.

«Өткен жылдың наурыз айынан бастап ӘМСҚ дәрігерлерге ынталандыру төлемдерін жүргізе бастады. Қор өз тарапынан медициналық қоғамдастық алдындағы өз міндеттемелерін жауапкершілікпен орындап, тиісті үстеме ақыларды уақтылы төледі. 2020 жылы денсаулық сақтау қызметкерлерін көтермелеуге 110,9 млрд теңге бағытталды. Елімізде күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталып отырғанын және біздің әріптестеріміз – медициналық қызметкерлердің ұлғайған жұмыс көлемі мен үлкен жүктемені ескере отырып, Қор Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша үстемақы төлеу бойынша жұмысты жалғастыруда», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржы операторы рөлін атқарады. Егер медицина қызметкерінде үстемеақы есептеу бойынша сұрақтар туындаса, ол жедел штаб жанындағы өңірлік комиссияға жүгінуі қажет. Өңірлік комиссиялар ай сайын үстемеақы алушылардың тізімін жасайды және оларды ӘМСҚ-на жібереді. Комиссия құрамына Өңірлік бас мемлекеттік санитариялық дәрігер, Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры филиалының, Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Еңбек жағдайларының қауіптілік дәрежесіне байланысты медицина қызметкерлерін көтермелеу сомасы тиісінше 20, 10 және 5 ЕТЖ құрайды. Ең жоғары мөлшерлеме инфекциялық стационарлар мен реанимациялардың дәрігерлеріне, орта және кіші медициналық персоналына, провизорлық стационарлардың қызметкерлеріне, жедел медициналық көмектің, оның ішінде МСАК жанындағы дәрігерлер мен фельдшерлерге, ең төмен мөлшерлеме – карантиндік стационарлардың, шұғыл стационарлар мен МСАК ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлеріне, зертханалардың мамандарына, санитариялық – эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлеріне және т. б. арналған.