Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 509 433
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
287 162 627 482
Келіп түскен өтініштер
25 487

Жаңалықтар

ӘМСҚ Оксана Ермахановаға байланысты мониторинг нәтижелері туралы хабарлайды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Оксана Ермахановаға байланысты Қор сарапшыларының «№2 қалалық көпбейінді аурухана» ШЖҚ РМК жоспардан тыс мониторинг жүргізгенін хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Фейсбук әлеуметтік желісінде Оксана Ермаханованың ауруханаға жатқызудан бас тарту шағымы бойынша жариялаған посты 2021 жылғы 24-25 ақпан аралығында Нұр-сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасында жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болды.

Мониторинг нәтижелеріне сәйкес Медициналық ақпараттық жүйедегі жазбалардың деректері бойынша кезекші гинеколог қарап тексеру кезінде пациентке себептердің болмағаны үшін шұғыл емдеуге жатқызудан бас тартылғаны анықталды.

Сонымен қатар, пациент медициналық көмекке жүгінген кезде сақтандырылу мәртебесіне қарамастан шұғыл емдеуге жатқызу үшін негіз болып табылатын жай-күйіне шағым берген.

Осыған байланысты шағым негізделген деп танылды. Қор №2 қалалық көпбейінді ауруханаға қатысты экономикалық ықпал ету шараларын қолданды. 

Қор ТМККК шеңберінде де, МӘМС бойынша да пациенттердің медициналық көмекке құқықтарын қорғауға әрқашан дайын. 

Осыған байланысты, сапасыз медициналық қызмет көрсету немесе бас тарту фактілері туралы Қорға ресми кері байланыс арналары - 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырамыз. Олар бойынша қажетті тексерулер жүргізіледі және бұзушылықтар анықталған жағдайда экономикалық ықпал ету шаралары қабылданатын болады.