Халықты МӘМС-пен қамту (адамдар саны)
16 466 657
Жарналар мен аударымдардың түсімдері (МӘМС сомасы, теңгемен)
248 358 754 516
Келіп түскен өтініштер
24 037

Жаңалықтар

ӘМСҚ Директорлар кеңесі Қордың жаңа бастамаларын мақұлдады

Астанада «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған тәуелсіз директорлар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қордың топ-менеджменті қатысты.

Қор басшылары Директорлар кеңесіне қызметтің негізгі қорытындылары, оның ішінде Ішкі аудит қызметі, омбудсмен жұмысының нәтижелері туралы хабарлады. Сонымен қатар Директорлар кеңесі мүшелеріне цифрландыру, медициналық көмекті мониторингілеудің сапасы, кадр саясаты және Қордың жұмысын жақсартуға және қоғам алдында оның ашықтығын арттыруға бағытталған басқа да жаңа жобалар таныстырылды.

«Қазақстандағы МӘМС жүйесі пациентке бағытталған жүйе ретінде дамуда, мұнда басты қағидат «адамға бағдарлану». МӘМС жүйесі үшін екінші құндылық - медицина мамандары. Осы қағидаттар арқылы біз медициналық көмек көрсетудің неғұрлым әділ және қолжетімді жүйесін құруға ықпал етеміз», – деп атап өтті директорлар кеңесінің төрағасы Мақсұт Құлжанов.
Директорлар кеңесінің мүшелері Қор басшылығының қызметін жетілдіру жөніндегі бастамаларын қолдады.

Директорлар кеңесінің құрамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады